Қаржылық инвестиция есебі

Реферат
Содержание скрыть

Жоспар

Кіріспе

1. Инвестиция түсінігі және жіктелуі

2. Инвестицияның бағалануы

3. Қаржылық инвестиция есебі

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Инвестициялар деп өнеркәсіпке, құрылысқа, ауыл шаруашылығына және өндірістің басқа да салаларындағы шаруашылық субьектісіне мүліктей, заттай, сондай ақ ақша қаражаты түрінде, яғни капитал түрінде салынып ол шаруашылықты әрі қарай өркендетіп дамыту үшін жұмсалынатын шығындардың жиынтығын айтады.

Жалпылай алғанда, инвестиция дегеніміз бүгінгі күні қолда бар ақшаны, мүлікті және басқа да заттарды, яғни капиталды қандай да бір өндірісті дамыту үшін жұмсап, сол арқылы келешекте, яғни алдағы уақытта пайыз түрінде немесе басқадай үлкен кәсіпкерлік табыс табу болып табылады.

Бұл жоғарыда айтылған процеспен екі фактор байланысты болып келеді. Оның біріншісі-уақыт, ал екіншісі-тәуекелділік (тәуекелге бару).

Сонымен қатар инвестиция экономикалық өсудің негізі бола отырып, елдің әлеуметтік дамуына жағдай жасайды. Осы айтылғандармен қатар инвестиция экономикалық дамудың жоғарғы және тұрақты қарқынын қалыптастырудың, ғылыми-техникалық прогресс жетістіктерін өсірудің, инфрақұрылымды дамытудың маңызды факторы болып саналады.

Инвестицияның көзі болып жаңадан жасалған қосымша құнның, яғни таза табыстың пайдаланылмай сақталған бір бөлігі саналады. Басқаша айтатын болсақ, инвестиция көзі-жаңадан жасалынған құн немесе таза табыстың сақталатын бөлігі болып табылады. Шаруашылық субьектілері немесе кәсіпкерлер инвестицияны өзінің таза табысының есебінен, өзін-өзі қаржыландыру немесе ол үшін сырттан несие алу арқылы жасайды.

1. Инвестиция түсінігі және жіктелуі

Инвестиция дегеніміз бүгінгі күні қолда бар ақшаны, мүлікті және басқа да заттарды, яғни капиталды қандай да бір өндірісті дамыту үшін жұмсап, сол арқылы келешекте, яғни алдағы уақытта пайыз түрінде немесе басқадай үлкен кәсіпкерлік табыс табу болып табылады.

Тағайындалу түрлері бойынша инвестициялар нақты және қаржылық инвестиция болып екі түрге бөлінеді.

Нақты инвестиция дегеніміз – шаруашылық субьектісіндегі белгілі бір материалдық, өндірістік қорлардың, яғни активтердің (жер, жабдық, құрылыс) өсуіне, дамуына жұмсалыну үшін салынатын салымдар болып табылады.

2 стр., 862 слов

Инвестиция ж не оны т рлері

... алуға жұмсаған шығыны қаржылық инвестиция болып саналады. Жоғарыда аталған инвестицияның қай түріні ... әдісі. Инвестордың қаржылық – шаруашылық қызметінің нәтижелері туралы есепте, инвестиция табысы деп, тәуелді шаруашылық серіктестігінің, жинақталған жалпы ... немесе мемлекет шығарған акцияларға, облигацияларға және басқадай құнды қағаздарға банктердің депозиттеріне салынған салымдар болып табылады. ...

Қаржылық инвестициялар — бұл субъектінің табыс алу мақсатында пайдаланатын активі (мысалға, пайыздар, роялтилер, дивидендтер және жалға ақысы), инвестицияланған капиталдың өсімі немесе алынатын баска да олжалар (мысалға, коммерциялық мәміленің нәтижесі).

Сондай-ак, қаржылық инвестицияға пайдаланбай тұрған жылжымайтын мүліктер де жатады. Каржылық инвестицияның бір түрі болып бағалы (кұнды) кағаздар да саналады. Барлық бағалы (құнды) кағаздар екі топка бөлінеді — ақшалай және күрделі (капиталды) болып. Акшалай бағалы қағаздарды алған кезде акшалай қарыздарды алғандағыдай етіп рәсімделеді. Бұл борыштық бағалы қағаздар. Оларға: вексельдер, депозиттер және жинак сертификаттар және т.б. жатады. Осы бағалы қағаздар бойынша табыс бір мәртелік сипатқа ие болады және олар өзінің номиналдык (атаулы) кұнынан төмен бағаға сатып алудың есебінен калыптасады. Ақшалай бағалы қағаздар, әдетте, кысқа мерзімге (бір жылдан аспайтын уакытқа) беріледі.

Инвестиция мыналарға бөлінеді:

  • борышқорлық –облигациялар, қазыналы вексель, депозиттік сертификаттар және т.б.

Инвестиция көздері:

а) жаңадан жасалған құн (таза табыстың жиналған бөлігі );

  • ә) амортизацияның қорлануы (накапливаемая амортизация);
  • б) кредиттік ресурстар.

Инвестицияны мына топтарға жіктеуге болады:

1.Жұмсау мерзімі бойынша:

  • қысқа мерзімді –бір жылға дейін иемдену мерзімі (бұл еркін ақшалай қаражатты уақытша орналастыру мақсатында оңай өткізілетін бағалы қағаздардағы компанияның инвестициясы);

Ұзақ мерзімді және мерзімсіз инвестициялар- бұл қосымша пайда алу мақсатында немесе құнды қағаздары сатып алынатын компанияға ықпал етуге ие болу мақсатында немесе бұл салада өз операцияларын жүргізетін ұйыммен салыстырғанда қаражаттың мұндай жұмсамалы әлдеқайда пайдалы болғандықтан қаражатты орналастыру.

2. Тағайындалуы бойынша:

  • нақты (мүліктік жұмсау)- субьектінің негізгі капиталына жұмсау және материалдық-өндірістік қордың өсуіне жұмсау.

3. Шығу тегі бойынша- бірінші, екінші.

4. Болу формасы бойынша- құжаттық, құжатсыз.

5. Ұлттық тегі бойынша- отандық, шетелдік.

6. Қолдану түрі бойынша- инвестициялық (капиталдық), инвестициялық емес.

7. Иемдену қатары бойынша- жеке, жалпы.

8. Шығарылым формасы бойынша- эмиссиондық, эмиссиондық емес.

9. Меншік формасы бойынша- мемлекеттік, корпоративтік.

10. Айналыс сипаты бойынша- нарықтық, нарықтық емес.

11. Тәуекелдік деңгейі бойынша- аз тәуекелдікпен, мүмкін үлкен тәуекелдікпен.

12. Қолма-қол табыс бойынша- табыстық, табыссыз.

13. Қаражатты жұмсау формасы бойынша:

14. Экономикалық мәні (құқық түрі) бойынша- мүліктік, міндеттік.

15. Халықаралық стандарт бойынша бухгалтерлік есепте инвестиция мыналарға бөлінеді:

  • №27 ХҚЕС « Бірлескен қаржылық есеп және еншілес компанияларға инвестицияның есебі»;
  • №28 ХҚЕС «Қаумдастырылған компанияларға берілген инвестицияларды есепке алу»;
  • №39 ХҚЕС « Қаржы құралдарды: тану және бағалау»;
  • № 40 ХҚЕС «Жылжымайтын мүлік инвестициясы».

2. Инвестицияның бағалануы, Инвестиция мына 2 әдіске салынады:

Үлестік қатысу әдісі — бұл әдіс бойынша инвестиция сатып алған кезде сатып алынған күні бойынша есептелінген, кейін тәуелді шаруашылық серіктестігінің таза активіндегі өзгерістерді инвестордың үлесінің мойындалуына қарай оның, яғни инвестицияның құны өсіп немесе кеміп отырады. Инвестордың тәуелді шаруашылық серіктестігінің таза табысындағы немесе зиянындағы үлесінің өзгеруі оның қаржы шаруашылық қызметінің нәтижелері туралы есебінде табыс немесе зиян ретінде мойындалады. Үлестік қатысу әдісін қолданған жағдайда инвестицияның баланстағы құны инвестициялардың тәуелді шаруашылық серіктестігінің таза табысындағы немесе зиянындағы үлесінің мойындалған бөлігінде өсіп немесе кеміп отырады және де ол табыс немесе змян ретінде танылады.

17 стр., 8140 слов

Инвестиции как фактор экономического роста

... их наибольшая концентрация по-прежнему приходится на добывающие отрасли. Суммарная доля инвестиций в производство электрооборудования, электронного и оптического оборудования, продукции машиностроения от ... рентных доходах государства от экспорта углеводородов. При так называемых защитных инвестициях крупные транснациональные корпорации создают предприятия, которые кажутся убыточными, хотя основная ...

Үлестік қатысу әдісі-инвестицияларды иеленген мезетте сатып алу құнымен көрсетіп, кейінірек тәуелді шаруашылық серіктестігінің таза активтеріндегі өзгерістерде инвестордың үлесі мойындалуына байланысты олардың құнының өсуімен (кемуімен) есепке алу әдісі. Тәуелді шаруашылық серіктестігінің таза кірісінде (шығысында) инвестор үлесінің өзгеруі қаржылық-шаруашылық қызмет туралы есептегі табысқа (шығынға) жатқызылады.

Үлестік қатысу әдісі мынадай белгілермен сипатталады:

  • шаруашылықты серіктестікке қатысты таза табыстағы қатысу үлесі инвестордың инвестиция құнының баланстық өсуінен көрінеді және қатысу үлесінен түскен табыстан бөлінеді;

  • шаруашылықты серіктестікке қатысты залалдағы қатысу үлесі инвестиция құнының баланстық кемуінен көрінеді және қатысу үлесіндегі залалдан бөлінеді;
  • тиесілі дивидендтер сомасы инвестордың инвестиция құнының баланстық кемуінен көрінеді.

Инвестор «Топар» АҚ 70000 теңге құнындағы «Шығыс» АҚ қатысты 35% акциясын иеленді.

а) инвестицияның сату құнына :

Д К

2210 1030 70 000

Жыл қорытындысы бойынша:

  • тәуелді серіктестіктің таза табысы-30000 теңге болады.
  • жарияланған дивидендтер-15000 теңге

ә) таза табыс үлесіне:

Д К

2210 7610, 7620 30000*35%=10500теңге

б) дивиденттер үлесіне:

Д К

2170 2210 15000*35%=5250 теңге

Егер тәуелді шаруашылықты серіктестік қызметінің нәтижесі залал келтірсе, онда инвестор бұл серіктестіктегі өзінің қатысу үлесін мойындайды, осының салдарынан инвестицияның баланстық құны кемиді.

Құн әдісі инвестицияны алу кезінде сатып алу құны бойынша көрсетілетін есептік әдіс. Инвестордың қаржылық-шаруашылық қызметінің нәтижелері туралы есепте инвестиция табысы тәуелді шаруашылық серіктестігінің жинақталған жалпы таза табысының сомасынан тиісті дивиденттердің мөлшері алынғаннан кейін барып мойындалады.

Инвестиция сатып алу құны бойынша есептелінеді, егер де инвестицияны жақын арада сату мақсатында алса немесе инвестицияланған кәсіпорын қатаң ұзақ мерзімді шектеулі жағдайында әрекет ететін болса, бұл соңғы инвесторға табысты беру қабілетін біршама төмендетеді. Мұндай шектеулерді тудыратын себептерінің катарына: реттеуші органның бақылауында болса, сондай-ақ олар кәсіпорындағы дивидендтерді бөлудің саясатына араласса кәсіпорын өз қызметін, дивидендтерді (табыстарды) аударуға шек қойылған елдерде жүргізуі мүмкін. Сондай-ак, саяси хал-ахуалдың өзгеруі кәсіпорынның шаруашылык қызметін жүзеге асуры туралы келісімдерде карастырылған дивидендтерді төлеуге шектеулердің күшіне енуі және басқа да кедергілердің болуы мүмкін.

4 стр., 1541 слов

Прогнозирование инвестиций

... во взаимосвязи с процессом вложения инвестиций. 1. Инвестиции, их содержание и состав, Под инвестициями — Один оборот инвестиций от момента вложения средств до получения ... также средства государственных предприятий: собственные и заемные); инвестиции граждан; инвестиции негосударственных предприятий; иностранные инвестиции; совместные инвестиции. В зависимости от оперируемых ценностей различают три ...

3. Қаржылық инвестиция есебі

Қаржылық инвестиция – ол акция, облигация және басқа да құнды қағаздар мен банктегі депозиттерге салынған салымдар.

Олар қысқа мерзімді (12 ай ішінде айналымда болатын) және ұзақ мерзімді (12 айдан астам мерзім) болып танылады.

Қаржылық инвестициялардың есебі ХҚЕС сәйкес №32 «Қаржылық құралдар: танылып және ақпарат беру», №39 «Қаржылық құралдар: мойындауы және бағалануы» №2ҰҚЕС стандартарда қарастырылады.

Қаржылық инвестицияларды ақпараттау барысында бухгалтерлік есеп шоттарының жұмыс жоспарында І және ІІ бөлімдерінде 1100-1150, 2000 -2040 шоттар қарастырылған.

Еліміздің нарықтық экономикалық жолымен дамуы барысында қаржылық инвестициялардың маңызы зор. Ал біздің еліміздің экономикасын көтеру үшін қаржылық инвестицияны тарту бүгінгі күні аса қажетті болып отыр. ҚР-ның қаржы нарығы әлемдік деңгейде жаңадан бой көтеріп келе жатқан қаржы нарықтарының қатарына жатады,ал қаржы нарығы келесі нарықтардан пайда болады:

Қаржы нарығының айрықша бөлігі ол құнды қағаздар нарығы және де бұл бойынша осы кезде қалыптастыру процесі аяқ басып келеді. Ал қаржылық инвестициямен осы құнды қағаздар нарығы тікелей байланысты. Елімізде мыңдаған акционерлік қоғамдар мен басқа да шаруашылық субьектілері, жүздеген сақтандыру компаниялары, инвестициялық және мемлекеттік емес зейнетақы қорлары тіркелген. Осы жоғарыда аталған субьектілер барлық құнды қағаздар нарығының потенциялды қатысушылары қатарына жатады. Олардың кейбіреулері эмитент, ғни айналымға құнды қағаздар шығарушылар болса, ал екіншісі инвестор ретінде қызмет атқарады. Шаруашылық субьектісіне жаңа технология енгізу, өндірісті модернизациялау, реконструкциялау әрқашан ірі капитал салымын керек етеді. Ал мұндай жұмысты атқару үшін өндірушілерде әр уақытта капитал бола бермейді. Бұл шаруашылық субьектілері қарыз капитал нарығына несиелер мен заемдарының қаражаттарын,айналымға акциялары мен облигацияларын шығарса, онда елімізде бағалы қағаздар нарығы пайда болады.